Аралда тұрғын үйдің құлау себебін арнайы комиссия тексереді

652

Аралда тұрғын үйдің құлау себебін арнайы комиссия тексереді

Аралда тұрғын үйдің құлау себебін тексеру үшін арнайы комиссия құрылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аудан әкімінің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылып, сараптама жүргізіледі.

Еске сала кетейік, 17 наурыз күні Аралдағы Жароков көшесіндегі екіқабатты үйді бөліп тұрған бөлігі опырылып түскен еді.

Ғимарат 1986 жылы балабақша ретінде салынып, 90-жылдары тұрғын үй мақсатында пайдалануға берілген. 

Алайда, жергілікті басшылық тарапынан нысанның апатты екені бірнеше рет ескертілгеніне қарамастан, тұрғындар үйді иемденіп, қоныстанып алған. 20 пәтерлік екіқабатты үйде бүгінде 15 отбасы тұрады.

Бүгінгі таңда, оқиға орын алған жерде тиісті жұмыстар атқарылуда, 50 адам және 3 ауыр техника жұмылдырылды. 15 отбасының 8-і аудандық жастар ресурстық орталығына эвакуацияланды, қалған 7 отбасы ғимараттың қауіпсіз аумағында тұрып жатыр. Эвакуацияланған тұрғындар ыстық тамақ және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу