Астана әкімдігі "Магистральный" ТК құрылысшыларының заңсыз әрекетін әшкереледі

890

Астана әкімдігі "Магистральный" ТК құрылысшыларының заңсыз әрекетін әшкереледі

Астанада алақол құрылысшылардың салдарынан инвесторлар жапа шекті. Атап айтқанда құрылыс компаниялар біле тұра көлік тұрағын заңсыз салып, сатып жіберген, алданған инвесторлар елордалық әкімдікке көмекке жүргінді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасымен  Астана қаласы Б. Момышұлы көшесі бойынша орналасқан "Магистральный" ТК-де жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Аталмыш тұрғын кешенді "Атлант инжиниринг" ЖШС және "Компания "Сарыарқа-Құрылыс" ЖШС салған.

Тексеру барысында бірінші қабаттағы жерасты паркингінің орнында кеңістікті бөлетін арнайы құрылғылар анықталды, бұл өз алдына сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің саласында бұзушылық болып табылады. Мамандардың пікірінше, бұл – жобаның бекітілген эскиз сұлбасының және мемлекеттік сараптамадан өткізілген жұмыс жобасының бұзылуы.

Анықталған фактілердің негізінде құрылыс инспекторларына нысанды жобаға сәйкес қайта қалпына келтіру бойынша ұйғарым берілді.

Алайда мемлекеттік органның талабына құрылыс салушылар зер салған жоқ. Қазіргі уақытта ҚР Кодексінің "әкімшілік құқықбұзушылық туралы" 462 бабы 3 бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде 2016 жылдың 21 қазанындағы Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының ұйғарымы заң күшіне енді.

Бұл факті бойынша құрылыс салушы құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу лицензиясынан айырылды.

Ұйғарымды орындау мақсатында астаналық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасымен Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына заңсыз салынған құрылығыларды алып тастау талабымен қуыным жолданды, ол толығымен қанағаттандырылды.

Айта кетейік, құрылыс салушыға көлік тұрағына қатысты құжаттың жобасына өзгеріс енгізу туралы өтініші қанағаттандырылған жоқ. Дегенмен компания қойылған тыйымдарға қарамастан бұзушылықтарға жол берді.

Естеріңізге сала кетейік, үлескерлікпен құрылыс жүргізу мәселесі Астана қаласының әкімдігінің қатаң бақылауында.

Қала тұрғындарының назарларына, астаналық әкімдік бірнеше құрылыс компанияларына үлескерлікпен құрылыс жүргізу  саласында рұқсаттамалардың берілгендігін хабарлайды.  

Бүгінде бірқатар компания екінші деңгейдегі банк жобасына қатысу арқылы немесе Астана қаласы әкімдігінің 2017 ж. №120-1321 ұйғарымына сәйкес, тұрғын-үйдің қаңқасын салып біткен соң үлескерлікпен құрылыс салуды ұйымдастыру кезінде үлескелердің қаражатын тарту құқығына ие. Компаниялардың тізімін келесі сілтеме бойынша көруге болады:  http://astana.gov.kz/ru/modules/ material /13808.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу