Астанада "ақылды" аудан құрылады

700

Астанада "ақылды" аудан құрылады

"Ақылды" үйден "ақылды" бағанға дейін. Астанада ең озық технологиялармен аудан құру жоспарлануда, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. 

Оған қаланың оң жағалауындағы "Жастар" шағын ауданы алынып отыр. Жоспар бойынша жаңа технологияларды енгізудің арқасында 10 бағыт бойынша игіліктер құрылатын болады: абаттандыру (жылы тротуарлар, жылыту жолдары және тағы басқа), "ақылды" жүргіншілік және көліктік жоспарлау, сандық-мобильдік кәсіпкерлік, "ақылды" инфрақұрылым (жарық, кәріз), экологиялық шешім (қоқысты бөлек сақтау), қауіпсіздік және т. б.

Жаңашылдықты енгізуге жауап беруші "Astana Innovations" АҚ, елордада "болашақ аралын" құру инвесторлардың қаржысына жоспарланған. Осындай жаңа үлгідегі аудан құру болашақта салынатын шағын аудандарға бағдар болады. Жобаны жасаушылар "Жастар" шағын ауданын жайдан жай таңдамаған, оның қаланың тең ортасында орналасқаны, тоғыз жолдың торабында тұрғаны және қаланың қай бағытынан келсеңіз де ыңғайлы орналасқаны ескерілген және жобалаушылар мол қаржы жұмсамай-ақ тұрғындарға жайлы, өмір сүруге қолайлы, дұрыс сәулеттік жоспарлау және әлеуметтік технологияларға негізделген "ақылды" аудан құрмақ.

Мәселен, "ақылды" ауданда "Smart Metering" жаңартылған суесептегіштерімен "ақылды үй" бой көтеретін болады.

Технология тұрғындарға "өз үйінің нағыз иелері болуға сеп", олар энергияны тұтыну, суды пайдалану, жарық және басқа да коммуналдық игіліктер  яғни осындай жүйені құру тұрғындарға қаржылық шығындарды еселеп қысқартуға мүмкіндік береді. Одан бөлек құбырлардың және басқа да коммуникациялардың ағымдағы күйін көруге және оның алдын алуға мүмкіндік береді.

Ол қанша су жұмсалғанын нақты есептеп шығатын суесептегіштердің жаңа түрі, қазіргі қолданыстағы су есептегіштен әлдеқайда түзу көрсетеді. Жаңа су есептегіштердің бойына бірнеше жаңа технология жинақталған: есептеу, жинақтау және ақпаратты есте нақты уақыт режимінде сақтау, энергия шығындары туралы хабарлау, коммуналдық ресурстардың сапасының мониторингі. 

Бұдан басқа, үй тұрғындарының бір-бірімен және қызмет көрсететін ұйымдармен өзара электрондық іс-қимыл жүйесін енгізу жөніндегі жұмыс жалғастырылады: үйде болып жатқан оқиғалар туралы құлақтандыру, қашықтан басқару, планшет және смартфон арқылы функциялар-жабдықтарды басқару, барлық қаржылық қызметі электрондық алаңға шығару, төтенше жағдайда үйді токтан, газ қызметінен шұғыл ажырату.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу