Астанадағы жұмыссыздық деңгейі республикалық көрсеткіштен төмен

1343

Астанадағы жұмыссыздық деңгейі республикалық көрсеткіштен төмен

Астанада жұмыспен қамту бойынша жүргізілген шаралардың нәтижесінде 2017 жылдың IV тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,6% құрады. Бұл республикалық көрсеткіштен 0,3%-ға төмен (республика бойынша – 4,9%), деп хабарлайды, елорда әкімдігінің ресми сайты халықты жұмыспен қамту орталығына сілтеме жасап.

Осы жылдың 15 ақпанындағы жағдайға сәйкес, Астана қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына 2346 адам жұмысқа орналасу сұрақтарымен жүгінсе, 888 адам жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылды.

"460 адам – тұрақты жұмыс орындарына, 24 адам – әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылса, 351 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді. 53 адам – жастар практикасынан өтуге жолдама алды. Осы жылы 700 адамды қысқа мерзімді қайта даярлау курстарымен қамту жоспарлануда", – деп жазылған хабарламада.

Бүгінде "Электронды еңбек биржасы" www.enbek.kz порталында Астана қаласы бойынша 4582 бос жұмыс орны мен 3022 түйіндеме тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу