Астаналық үлескерлерді алдап кеткен Тайжановтың тағдырын Аустрия шешеді

779

Астаналық үлескерлерді алдап кеткен Тайжановтың тағдырын Аустрия шешеді

Үлескерлердің 40 миллиардтай теңге қаржысын ұрлап, шетелге қашып кеткен "Азбука жилья" компаниялар тобының бұрынғы басшысы Ерқанат Тайжановқа үкімді енді Аустрия соты кеседі, деп хабарлайды abctv.kz.

"Бізде Аустриямен арамызда қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісім бекітілмеген. Келісім жоқ екен, Аустрия бізге беруден бас тартуға құқылы. Олар солай етті. Халықаралық тәжірибе бойынша "не бер, не өзің сотта" деген қағидат қолданылады. Олар беруден бойларын аулақ салды. Сондықтан енді біз барлық материалдарды олардың іс қағаз жүргізу тіліне аударудамыз және біртіндеп аустриялық құқық қорғау органдарына, прокуратурасына тапсырудамыз. Олар оны қылмыстық қудалауды бастауда. Бірақ оның немен аяқталатынын олар өздері шешеді. Қазіргі кезде Тайжановты қамауға алу туралы Аустрияда шешім қабылданған-қабылданбағаны туралы менде ақпарат жоқ, менің білуімше, оған қатысты бұлтартпау шарасы әзірге таңдалмаған", – деді  бас прокурор Жақып Асанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу