Астаналықтар қатты отынмен қамтылған

805

Астаналықтар қатты отынмен қамтылған

Жыл басынан бері Астана қаласына 320 мың тонна көмір жеткізілген, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Осы жылдың 1-15 қаңтар аралығында Астанаға түрлі маркадағы 321 672 тонна көмір тасымалданды. Астана әкімдігінің ақпаратына сай, қазіргі кезде елордада көмір тапшылығы байқалмайды.

"Әкімдіктің бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілердегі ақпараттандыру жұмыстарының нәтижесінде қала тұрғындары көмірді сатушылардан тікелей қол жетімді бағада алуда", деп хабарлады әкімдік.

Ең сұранысқа ие - "Шұбаркөл" көмірі. Өткен жылдың желтоқсан айында жеткізу құнын қоспағанда бір тоннасы 11 500 теңге болған.

2018 жылдың 4 қаңтарынан бастап бұл көмір түрінің тауар биржасындағы саудалану құнының көтерілуіне байланысты бағасы 1000 теңгеге өскен. Оған ЖЖМ-дың, теміржол вагондарының  станциядан тұйыққа жеткізу құнының өсуі  себеп", деп хабарлады әкімдік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу