Астананың дәрігерлері суық тиген балаларды мектепке жібермеуді өтінді

957

Астананың дәрігерлері суық тиген балаларды мектепке жібермеуді өтінді

Жаңа жылдың каникулдан кейінгі алғашқы оқу күндері астаналық дәрігерлер ата-аналардан балалардың денсаулығына аса мән беруді және суық тию белгілері байқалса мектепке жібермеуді өтінді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Астана Денсаулық сақтау басқармасының мәліметтеріне сәйкес, елордада ЖРВИ-мен ауыратындар азайды.

"9 қаңтар күні мектепте сабақ басталады, осыған орай ЖРВИ белгілері байқалған баланы 2-3 күн мектепте жібермеулеріңізді сұраймыз", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, желтоқсан айының ортасынан бері Астанада ЖРВИ дерті асқынды, күн сайын жедел жәрдем дәрігерлері суық тию белгілері бойынша 700-800 шақырту қабылдады. Жаңа жылдан кейін ЖРВИ болуы мүмкін шақыртулар саны тәулігіне 600-ге дейін қысқарды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу