Астананың сол жағалауында 47 шақырым веложол салынады

731

 Астананың сол жағалауында 47 шақырым веложол салынады

Астананың қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы велосипед транспортын дамыту жобасы мен инфрақұрылымын әзірледі, онда 47 шақырым веложолдың құрылысы қарастырылған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

"Осы жылы Астананың сол жағалауында 47 км веложол пайда болады. Веложол Қабанбай батыр даңғылы бойынша, Мәңгілік ел, Рысқұлов, Қарқаралы тас жолы мен Қонаев, Достық, Мақатаев және Есіл өзені жағалауын бойлай салынады. Жалпы жоба бес кезең бойынша іске асырылады, 2022 жылға дейін 1717 км веложол салу жоспарланып отыр", - деп хабарлады Астана ІІД әкімшілік полициясының капитаны Тимур Байкенжиев. 

Велосипед жолы Үркер ТК қарама қарсы Қорғалжын тас жолы (4 км) мен Тұран даңғылы бойынша Керей, Жәнібек хандар көшесі және Достық көшесі аралығында (2,9 км) салынады. 

Әкімшілік полиция қызметкерлері велосипед жолағы негізгі жол жүретін арнайы белгілер мен жол белгілерінің жолақ қозғалысынан бөлек болатынын ескертуде. 

Велосипедистерге де басқа жол жүргізушілері сияқты белгілі талаптар таратылады.   

"Велосипедшілер велосипед жолағы бойынша жүруі керек, ал оң жақтағы жол бойынша оның ішінде маршрутты транспорт жолақтарымен, немесе шетпен, тротуармен, жаяу жол жүргіншілері бойынша басқаларға қауіп тудырмауы шарт", деді Тимур Байкенжиев. 

Оның үстіне, велосипедшілер бір қатармен қозғалуға тиіс. Егер топ арасынан басып озғысы келсе арақашықтығы 80 немесе 100 метрден аспауы қажет. 

"Велосипед иесіне біраз міндеттемелер артылады. Ереже бұзған жағдайда ҚР ӘҚБтК 615 бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Велосипедистерге қатысты тағы бір әкімшілік акт, ол ереже бұзғанына қарай 2-ден 20 АЕК айыппұл салынады", - деді әкімшілік полиция капитаны.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу