Атырау облысы өнеркәсіп өндірісі бойынша көш бастап тұр

2155

Атырау облысы өнеркәсіп өндірісі бойынша көш бастап тұр

2017 жылы өңірде өндірілген  өнеркәсiп өнiмiнің көлемi  4532,3 млрд теңгені құрап, 122,1% артқан. Ал осы жылы негізгі капиталға салынған инвестиция 1990,7 млрд теңгені, яғни 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  115,1%  құрады.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының бөлім бастығы Гулфайруз Маратованың айтуынша өткен жылы 5 миллиард теңгені құрайтын 5 жоба жүзеге асып, 344 жұмыс орны ашылды. Атап айтқанда, 2017 жылы "Карат" макарон өнімдерін дайындайтын цех, "Теплый дом Атырау" ЖШС мультиөндірісті құрылыс кешені, "FinWeldAzia" фирмасы және "Луговой жылқы зауыты" ЖШС-ның "Атырау облысындағы Жайық өзенінде бекіре балығын өсіру бойынша шарбақтық шаруашылық өндірісі іске қосылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу