banner

Әуе кеңістігін пайдалануды бұзушыларға шара қатаңдайды

835

Әуе кеңістігін пайдалануды бұзушыларға шара қатаңдайды

Қазақстанның әуе кеңістігін пайдалануды бұзушыларға азаматтық авиация комитеті қатаң шаралар қолданбақ, деп хабарлайды ИДМ баспасөз қызметі.

2018 жылғы көктемгі-жазғы навигация маусымы қарсаңында ҚР ИДМ азаматтық авиация комитетінің бастамасымен азаматтық авиация мәселелері бойынша үлкен салалық кеңес өтті. Қазақстан Республикасының бас көлік прокуратурасы атынан Алматы қаласының авиациялық прокуроры, шағын авиация пайдаланушылары, әуе компанияларының және әуежайлардың 90-нан астам өкілі қатысты.

Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев кеңеске қатысушыларды соңғы уақыттағы саладағы жетістіктермен таныстырып өтті. Комитеттің өз қызметін әлемдегі ең озық болып табылатын британдық үлгіге сәйкестендіру процесіне кіріскендігі ерекше атап өтілді. Өзгерістер тек комитеттің құрылымын ғана емес, негізгі қадағалау және бақылау функцияларын да қамтымақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу