Ауған соғысында қаза тапқан қазақстандықтар саны 26 мың болуы мүмкін

2729

Ауған соғысында қаза тапқан қазақстандықтар саны 26 мың болуы мүмкін

Ауған соғысында қаза тапқан қазақстандықтардың саны 26 мың болуы мүмкін, деп хабарлайды almaty.tv. 
Ауған соғысында опат болған қазақстандықтардың саны нақты емес. Қаза тапқандар саны осы кезге дейінгі жүргізілген санақтан да көп болуы мүмкін. Ауған соғысының ардагерлері осы мәселені қайта көтеріп, көрші ресейдің Подольский қаласындағы әскери мұрағатына  хат та жолдапты. Сонымен қатар, ТМД елдеріндегі ардагерлерден де мәлімет жинауда. 1986-шы жылы "Правда" газетінде ауған соғысына 13 мыңнан астам қазақстандық аттанған деген мәлімет келтірілсе, 1999 жылы жүргізілген санақта 15 мың деп көрсетілген.
"Нақтыланбаған мәлімет бойынша, қаза тапқан қазақстандықтардың саны 26 мың екен. Біз осы мәліметтің дұрыстығына көз жеткізгіміз келеді. Біз бұрыннан білеміз, соғыста опат болғандардың саны көрсетілген мәліметтерден әлдеқайда көп. Жолдаған хаттарымыздың жауабын күтетін боламыз. Біз өз батырларымызды ұмытпауымыз керек", - деді "Абырой" Ауған соғысы ардагерлері одағының төрағасы Әли Дауылбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу