Ауғанстанда алтын іздеуші сегіз адам топырақ астында қалып қаза болды

1233

Ауғанстанда алтын іздеуші сегіз адам топырақ астында қалып қаза болды

Ауғанстанның солтүстік-шығысындағы Бадахшан провинциясында топырақ құлап, сегіз адам қаза болса, тағы жеті адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды "Интерфакс".
Аймақтың төтенше жағдай комитетінің басқармасы хабарлағандай,  қайғылы оқиға кеше түстен кейін Тәжікстанмен шекаралас Шахри-Бузург уезі аумағында, жергілікті бір топ адам алтын жуумен айналысып жатқан кезде орын алған.
Айтуларынша, жарақат алған жеті адамның халі нашар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу