БАӘ-ге ірі қара мал тасымалдау бойынша шектеулер жойылды

1678

БАӘ-ге ірі қара мал тасымалдау бойынша шектеулер жойылды

Қытайға ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 30 пайызға артты. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Рүстем Құрманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Жалпы, отандық азық-түліктің негізгі өнімдерімен қамтамасыз ету 80 пайыздан асты. 2017 жылдың 11 айында ауыл шаруашылығы өнімі мен қайта өңделген тауарлардың экспорты 10 пайызға артты. Осы орайда өнімдерді экспортқа шығару географиясы кеңейіп келеді. Қазіргі кезде қытайлық нарық балық, қой мен жылқы, омарта шаруашылықтары, бидай әрі бұршақ дақылдары өнімдері үшін ашық. Нәтижесінде, агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің ҚХР-ға экспорты 30 пайызға ұлғайды", - деді Құрманов.

Оның сөзіне қарағанда, Біріккен Араб Әмірліктеріне ірі қара малды тасымалдау бойынша шектеулер жойылды.

"Иранға рапс тұқымының экспорты 5,9 есеге, арпа - 1,4 есеге, бұршақ дақылдары 1,9 есеге артты", - деді вице-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу