banner

БАӘ Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобасына қатысады

861

БАӘ Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобасына қатысады

БАӘ мен Қазақстан және Ресей ғарыш саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға үшжақты келісім жасады, деп хабарлайды primeminister.kz.

12 қарашада Дубайда "Dubai Air Show – 2017" XV халықаралық әуеғарыш көрмесі аясында ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің, БАӘ премьер-министрінің орынбасары, БАӘ президент ісі жөніндегі министрі шейх Мансұр бен Заид Әл-Нахаянның, РФ үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозиннің қатысуымен үшжақты ресми кездесу болып өтті.  
Тараптар келіссөз барысында ғарыш саласында инновациялық жоғары технологиялық әзірлемелерді қолдана отырып, бірлескен инвестициялық жобаларды дамыту мүмкіндігін талқылады. Әмірлік тарапы "Байқоңыр" ғарыш айлағының қазіргі жағдайымен және оны одан әрі дамыту келешегімен танысты.
Кездесу барысында шейх Мансұр БАӘ-нің Қазақстан мен Ресейдің бірлескен "Бәйтерек" жобасына қатысу мүмкіндігін қарауға қызығушылығын білдірді. Болашақта ғарыш саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға стратегиялық бағдарлама жасап, тараптардың қызметін үйлестіріп отыру мақсатында үшжақты жұмыс тобын құру туралы келісімге қол жеткізілді.
Айта кетсек, "Dubai Air Show – 2017" халықаралық әуеғарыш көрмесі азаматтық және әскери әуе өнеркәсібінің жетекші әлемдік шарасы саналады. Ол әрдайым әлемнің әр елінің үкіметтік орталарының, жоғары дәрежедегі әскерилер мен бизнесмендердің назарын аудартатын көрме. Мұнда көрме қатысушылары жауапты тұлғалармен және сарапшылармен жақын араласа алады. Dubai Air Show — екі жылда бір рет өткізіледі. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу