Бай мен кедей арасындағы алшақтық ұлғая түсті

3661

Бай мен кедей арасындағы алшақтық ұлғая түсті

Қазақстанда бай мен кедей табысының айырмашылығы жер мен көктей. Еліміздегі ең бай тұрғындардың кірісі тұрмысы ең төмендермен салыстырғанда 5,9 есе көп, деп хабарлайды ranking.kz.

Мұндай айрымашылық ең алдымен Шығыс Қазақстан, Қарағанды, және Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалады.

Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 5,7 есе болса, осы жылы байлардың кірісі ең кедей адамдарға қарағанда 5,9 есеге ұлғайған.

Ағымдағы жылда тұрмысы бақуатты жандардың орта табысы жан басына шаққанда 10 пайызға өссе, ең кедей адамдардың кірісі тек 7,5 пайызға ғана көбейген. Бұл мәліметтерге қарап, табысқа және экономикалық жағдайға байланысты қоғамда топқа, жікке бөлінушілік күшейе береді деп болжауға негіз бар. Бүгінде ауқатты, дәулеті орташа, кедей адамдар деп бөліну қалыпты жағдайға айналып барады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу