Бақытжан Құлекеев Мысырда ұсталған алты жігітке қатысты пікір білдірді

1138

Бақытжан Құлекеев Мысырда ұсталған алты жігітке қатысты пікір білдірді

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде Мысырдағы қазақстандықтардың қатысуымен болған жағдай туралы пікір білдірді, деп хабарлайды аталған министрліктің баспасөз қызметі

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Египетке тіл курсына оқуға барған алты қазақстандық студенттің қатысуымен болған жағдай туралы пікір білдірді.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің кеңесшісі Бақытжан Құлекеевтің айтуынша, Каир қаласындағы тілдік курстарында оқитын қазақстандық алты тыңдаушы Египеттің құқық қорғау орагандарының қызметкерлерімен ұсталып, сол мемлекетте екендігі анықталды.

"Осы оқыға байланысты Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н. Ермекбаев шетелдік оқу орындарына жастарымыздың бақылаусыз шығып кету мәселесін бірнеше рет көтерген болатын", - деп атап өтті министрдің кеңесшісі.

Жастарымыз, шетелге діни білім алу мақсатында шығып, радикалды діни ағымдардың идеологтарының ықпалына түседі. Бұл қазақстандықтардың шетелдегі діни оқу орындарына баруының реттелмеген тәжірибесінің салдары болып табылады. Бүгінгі таңда 300-ге жуық азаматтарымыз шетелде осындай жағыдайда білім алуда, көбінесе бұл Мысыр пен Сауд Арабиясында оқиды. Аталған азаматтардың бір бөлігі түсіндіру жұмыстарынның нәтижесінде елге оралды.

"Аталған мемлекеттерде ахуал бүгінгі таңда күрделі екендігін түсіну қажет. Ол жақта терроризмге қарсы және жалпы көші-қон тәртібі күшейтілді. Осыған байланысты, егер радикалды ағымдардың жақтаушысы болмасаңызда, марказ деп аталатын күмәнді оқу орталықтарында, діни немесе тілдік курстарында оқитын болсаңыз, жергілікті арнайы органдар мен полицияның назарына дереу ілігесіз", - деп баса айтты Б. Құлекеев.

Осыған байланысты, министрлік осындай жастардың ата-аналарына балаларын осынау оқу орындарына жібермес бұрын мәселенің дұрыстығын мұқият ойластырып, барлығын ақылға салуға кеңес береді.

Бақыжан Құлекеев өзіміздің оқу орындарымыз бар екенін ескертті. Мысалға, Алматыдағы "Нұр-Мүбарак" университеті мен еліміздегі медреселердің жүйесі бар. "Сондай-ақ, неліктен тиісті мамандық алып, болашақта табыс көздерін таба алатын басқа да білім алуды ойламасқа", - дейді министрдің кеңесшісі.

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы бұдан былай шетелде келісімсіз білім алып келген тұлғаларды жұмысқа қабылдамайтынын жариялады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу