Балуан қыздарымыздың қоржынында – 2 күміс, 4 қола медаль

844

Балуан қыздарымыздың қоржынында – 2 күміс, 4 қола медаль

Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен күрестен 45-ші "Яшар Догу" Халықаралық турнирінде балуан қыздарымыз 2 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Бұл дәстүрлі турнирге биыл әйелдер күресі тұңғыш рет қосылған болатын. Жарыстың бірінші күні аруларымыз екі қола медаль иеленді. Алғашқысын 48 келі салмақта Ирина Борисова жеңіп алса, екіншісін 69 келі салмақта сынға түскен Жәмила Бақбергенова қанжығасына байлады. Ал жарыстың екінші күні қыздарымыз төрт медаль иеленді. Оның екеуі - күміс, екеуі – қола медаль. Күмісті 60 келіде сынға түскен Аяулым Қасымова мен 75 келіде белдескен Гүлмарал Еркебаева жеңіп алса, екі қоланы 53 келіде бақ сынаған  Жұлдыз Эшимова мен 60 келіде ел намысын қорғаған Алтынай Сатылған жеңіп алды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу