Bank CenterCredit агент банк ретінде таңдалды

736

 Bank CenterCredit агент банк ретінде  таңдалды

2018 жылдың 13 ақпанынан бастап "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ "Қазинвестбанк" АҚ активтері мен міндеттемелері "Альфа-Банк" ЕБ АҚ өткен күннен бастап қалыптасқан ақша қалдықтарын "Қазинвестбанк" АҚ жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлері алдындағы міндеттемелері бойынша төлемін бастайды, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

Төлемнің жалпы сомасы 2,07 миллион теңгені құрайды, "Қазинвестбанк" АҚ шотында оң қалдығы бар клиенттер саны - 70. Төлем ҚДКБҚ-ның арнайы резерві қаражатынан жүзеге асырылатын болады. Кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған ҚДКБҚ қаражатының жалпы сомасы - 568,6 миллиард теңге.

Өткізілген конкурс нәтижесі бойынша "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ директорлар кеңесінің 2018 жылдың 7 ақпанның шешімімен төлем бойынша агент банк болып "Банк ЦентрКредит" АҚ тағайындалды. Осы банк барлық филиалдар жүйесі арқылы соның ішінде Алматы, Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Атырау қалаларында жеке тұлғалардың өтінішін қабылдап, қарастырып, ҚДКБҚ атынан және қаражаты есебінен кепілдік берілген өтемді төлейтін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу