banner

Барлық мектептерге бірыңғай бұлтты бухгалтерия енгізіледі

1804

Барлық мектептерге бірыңғай бұлтты бухгалтерия енгізіледі

Бұлтты бухгалтерия Астана мектептеріне жылына 200 миллион теңге үнемдеуге жол ашады. Бұл туралы қалалық мәслихаттың сессиясында елорда әкімі Әсет Исекешев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Биыл барлық мектептерде бірыңғай бұлтты бухгалтерияны енгіземіз. Оның жұмысына жасалған талдауға сүйенсек, сатып алуларды орталықтандыру мен қаржылық блок жұмысын оңтайландыру есебінен жыл сайын 200 млн теңгені үнемдей аламыз. Бұл тұрғыда осы қаржыны мұғалімдердің сыйлықақысына үлестіру мүмкіндігі болады. Сонымен қатар біз үшін материалдық-техникалық жабдықталу бағыты да басымдыққа ие. Жаңа оқу жылында 46 мектеп робот техникасының кабинеттерімен толықтай жасақталады. 2018 жылдың қыркүйегіне дейін кеңжолақты интернет байланысымен барша мектепті Wi-Fi желісімен 100 пайыз қамту жоспарда бар", - деді Исекешев.

Оның сөзіне қарағанда, өткен жылы мектеп оқушылары контингенті 130 мың баланы құраса, биыл 143 мыңға жетті. Оқушылар санының артуына байланысты мектеп жанынан 2 600 орынға арналған 5 жапсарлас құрылыс нысаны тапсырылып, 11 мың орынға есептелген 10 жаңа мектептің құрылысы жүріп жатар. Бұдан бөлек, 16 мектеп пен 10 жапсарлас нысанды жобалауды қаржыландыру мәселесі пысықталып жатыр.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу