Бидайдың жаңа сұрпы өндіріске жолданды

4585

Бидайдың жаңа сұрпы өндіріске жолданды

Ақмола облысында осыдан бірнеше жыл бұрын пайда болған "Асыл сапа" атты бидайдың жаңа сұрпы жан-жақты тексерістен өтіп, өндіріске жолданды, деп хабарлайды 24.kz.

Енді бұл дақылды аймақтың кез келген диқаны өз алқабында себе алады.

Тұқымның жаңа сұрпын Шортанды ауданына қарасты Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының ғалымы Әділхан Бапкенов ойлап тапқан.

Бұл орталықтың мамандары өңірдің ғана емес, бүкіл еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға атсалысып келеді. Селекция саласында 30 жылдан астам тәжірибесі бар Әділхан Бапкенов өзінің төл туындыларын егістік алқаптарында көргенде қатты қуанатынын айтады. Мәселен, ғалымның осыған дейін жарық көрген "Астана", "Ақмола-2" "Шортандылық-95" атты бидай сұрыптары қазір 1 млн гектар алқапқа егіліп жатыр. Ал су жаңа "Асыл сапа" сұрпы қазірдің өзінде егіншілердің қызығушылығын танытып отырған көрінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу