banner

Биыл Ақсудың коттеджді кентінде шамамен 400 үй бой көтереді

984

Биыл Ақсудың коттеджді кентінде шамамен 400 үй бой көтереді

Павлодар облысы Ақсу қаласында жеке тұрғын үй құрылысы пилоттық жобасы аясында №14 және №15 ықшам аудандарда бірыңғай сәулет стиліндегі 400 шақты баспана салынады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Қаршыға Арыновтың айтуынша, 2018 жылдың 1 сәуірінен бастап 120, 160  және 200 шаршы метрден учаскелер берілуге тиіс. 24 қаңтар күні осыған байланысты банктер мен құрылыс компаниялары өкілдерінің қатысуымен жиын өтеді. Әр банктің өкілі өз ұсынысын білдіріп, ойын ортаға салады. Пайыздық мөлшерлемелері де таныстырылады.

400 үй – бұл шамамен 40-50 мың шаршы метр. Құрылыс жұмыстарына жергілікті және астаналық екі-үш компания қатысуы мүмкін. 

Қазіргі таңда шаһада баспана алу кезегінде 3500-ға жуық адам тұр. Арнайы комиссия конкурсқа қатысушылардың төлем жүргізуге қабілеттілігін тексеріп, банктер қорытынды ұсынады.

Бірінші жылы үйлердің сыртқы қалпы тұрғызылса, келесі жылы ішкі жұмыстары жүргізіледі.  Жаңадан бой көтеретін қос шағын ауданда бір мектеп, екі балабақша, өрт сөндіру депосы мен дүкен  орналасатын болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу