Биыл республикалық маңызы бар 4 мың шақырымнан аса автожол жөнделеді

631

 Биыл республикалық маңызы бар 4 мың шақырымнан аса автожол жөнделеді

2018 жылы 23 жобаны іске асыру жалғасады және республикалық маңызы бар 4,2 мың шақырым автожол реконструкцияланады. Бұл туралы министрліктің алқа мәжілісінде ҚР инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Роман Скляр мәлімдеді. Оның айтуынша, биыл қалпына келтірілген 528 шақырым автожол қозғалысын ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі.

"Республикалық автожолдардың техникалық жағдайын қамтамасыз ету үшін биыл 179 км жол учаскесін күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Оның 104 шақырымы және 32 көпір (өтпе жолдар, жер үсті жүргінші жолдары және құбырлар) пайдалануға берілмек. Бұған қоса, орташа жөндеу 1,544 шақырым жолды қамтитын болады, оның ішінде 644 шақырым жол салқын ресайклингтеу технологиясын қолдану арқылы жөнделеді",- деп атап өтті Роман Скляр.

Биыл жол саласындағы бірінші концессиялық жоба – Алматының үлкен айналма автомобиль жолының құрылысы басталады. Қазіргі уақытта "Алсим Аларко-Макийол-СК-Корея Экспресс Вэй" консорциумымен келісімшартқа қол қойылды. Құрылыс жұмыстарын бірінші жартыжылдықта бастау жоспарланып отыр.

Биыл жылдың екінші тоқсанында Астана-Теміртау (132 шақырым), Алматы-Қапшағай (42 км) және Алматы-Қорғас (295 км) учаскелерінде жалпы ұзақтығы 469 км болатын автожол учаскелерінде ақы алу жүйесін сынақтан өткізу жоспарлануда.

"Бұдан бөлек, 5,5 мың км, соның ішінде "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық дәлізі бойынша мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетігі бойынша инвестор есебінен жоспарланып отырған ақы алу жүйесін орнату үшін жобалық сметалық құжаттама әзірленуде",-деді бірінші вице министр.

Жергілікті желідегі жолдарды жөндеу мен қайта құруды қаржыландыруды ұлғайту жөнінде министрлік өңір әкімдіктерімен бірлесе отырып кешенді шаралар әзірледі.Осы мақсатта биыл республикалық және жергілікті бюджеттерден паритеттік негізде қосымша 60 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр.Бұл шараларға 4 мың шақырымнан астам жол жөнделеді. Осылайша, 2025 жылға қарай жергілікті желінің 85%-ы жақсы және қанағаттанарлық  жағдайға жетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу