Боран күні "112" нөміріне 3000-нан аса қоңырау түскен

831

Боран күні "112" нөміріне 3000-нан аса қоңырау түскен

11 қаңтарда Қарағанды облысының құтқару бөлімшелерімен 15 авариялық-құтқару жұмыcs жүргізіліп, 149 адам құтқарылды, 42 эвакуацияланды. Адамадарды құтқару және эвакуациялау, қар құрсауынан автотехниканы шығару бойынша жұмыстар атқарылды, деп хабарлайды Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.
ТЖД бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесе Абай ауданының аумағындағы тас жолдарда елдімекендерге жеткізілген 37 адамды құтқарды.
ТЖД бөлімшелерінің күшімен және ҚР қорғаныс министрлігінің 5516 әскери бөлімінің қатысуымен Бұқар жырау ауданында қар құрсауында тоқтап қалған 15 жеңіл көлік, 1 жүк көлік және автобустан 28 адам құтқарылды, оның ішінде 1 бала. Жолдың қауіпсіз аумағына 10 бірлік жеңіл көлік техникасы шығарылды. Сонымен қатар, "Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" тас жолының 103 шақырымында "Егіндібұлақ-Қарағанды" бағытында жолға шыққан жолаушылар автобусы аударылды, оның ішінен 3 адам Қарағанды қаласы және Ботақара кентінің медициналық мекемелеріне жатқызылды, 42 адам Шешенқара кентінің ОМ ғимаратына жеткізілді, кейін жергілікті тұрғындарға орналастырылды.
Осакаровка ауданында құтқарушылар және жергілікті атқарушы органдардың күшімен 14 адамды құтқарды.
Сонымен қатар, "Алматы-Екатеринбор" тас жолының 1045 шақырымында "Шымкент-Астана" бағытындағы автобус техникалық ақауы себебінен істен шығып, ҚР Ұлттық ұлан "Орталық" ӨҚ 52859 ә/б күшімен 37 адам Теміртау қаласына жеткізілді.
"112" нөміріне анықтамалық-консультативтік, сонымен қатар ТЖД негізгі жұмысы бойынша (эвакуациялау, құтқару және т.б.) 3000-нан аса қоңырау түскен.
11 қаңтар Қарағанды облысында барлық бағыт бойынша барлық автокөлік түріне жолдар жабылды.
12 қаңтарда сағат 09:00-де Қарағанды облысында барлық бағыт бойынша барлық автокөлік түрлеріне жол ашылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу