banner

Шымкент зообағына кіру ақысы 21 есе қымбаттайды

703

Шымкент зообағына кіру ақысы 21 есе қымбаттайды

Бұған дейін Шымкенттегі зообаққа кіру ақысы 23 теңге 69 тиын болатын. 2018 жылдың 19-сәуірінен бастап зообаққа кіру құны 500 жүз теңгеге көтеріледі, деп хабарлайды otyrar.kz.

Зообақ қызметкерлері, жануарлардың азығы, олардың дәрі-дәрмегі, зообақты абаттандыру - мұның бәріне көп қаржы кетеді дейді.
Дегенмен жеңілдіктер де қарастырылған. Мектеп жасына дейінгі балаларға, ардагерлерге және I, II топтағы мүгедектерге (6 жасқа дейін) – тегін.

Мектеп жасындағы балаларға (6 жастан 17 жасқа дейін) 50 пайыз жеңілдік бар. 

Дегенмен бұл баға еліміз бойынша ең төмені болып саналады екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу