Даниал Ахметовке Усэйн Болттың қолтаңбасы тарту етілді

814

Даниал Ахметовке Усэйн Болттың қолтаңбасы тарту етілді

Аймақ басшысы Даниал Ахметов "Цюрих" клубы директорларының бірі, Швейцариядағы "Гауһар лиганың" финалдық Weltklasse Zurich кезеңінің ұйымдастырушысы Андреас Хедигерді қабылдады, деп қабылдайды .

Басқосуда Андреас Хедигер облыс әкімі Даниал Ахметовке ямайкалық жеңіл атлет, сегіз дүркін Олимпиада чемпионы атанған Усэйн Болттың қолтаңбасын тарту етті. Өз кезегінде аймақ басшысы шетелдік қонақтарға алғысын білдіріп, бұл кездесудің еліміздегі жеңіл атлетика спортын одан әрі дамытуға үлкен мүмкіндік беретінін атап өтті.

"Құрметті қонақтар! Сіздердің Шығыс Қазақстан облысына келгендеріңізге қуаныштымыз. Жалпы, соңғы жылдары қазақстандық жеңіл атлеттердің көрсеткіштері жаман емес. Біз олардан үлкен үміт күтеміз. Бұйырса, алдағы 3-4 жылда еліміздегі алты қалада халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жеңіл атлетикалық нысандар бой көтермек. Сондай спорттық ғимараттардың бірі Семейде салынады. Шындығына келсек, біз "Гаухар лиганы" өткізуге бірнеше жылдан кейін дайын боламыз", — дейді Даниал Ахметов.

Кездесу барысында сөз алған "Altay Athletics" кәсіби жеңіл атлетика клубының бас менеджері Гвидо Тоньони келешекте тараптар талай жобаны бірлесіп атқаратынына сенім білдірді. Сонымен қатар ол Даниал Ахметовті 30 тамызда Цюрихте өтетін "Гаухар лиганың" финалдық кезеңін тамашалауға шақырды.

"Қазақстандағы спорттық құрылымдармен танысатын боламыз. Семинардың бағдарламасында екі дәріс сабағы, талқылау, жұмыс тобымен тәжірибе алмасу қарастырылған. Бұдан бөлек Еуропадағы балалар жеңіл атлетикасын дамытудағы үздік жобалалардың бірі – UBS Kids Cup туралы баяндап, оның құрылымын, әдістемесін, таланттарды іздеу, жаттығу жұмыстары қалай жүргізілгенін қазақстандық мамандарға түсіндіретін боламыз. Ал талқылау жұмыстары кезінде "Қазақстанның жеңіл атлетикасындағы спорттық жүйе" туралы кеңінен әңгіме қозғалады. Сондай-ақ біздің мамандар Ұлыбританиядағы атлеттердің жарыстарға дайындалу әдіс-тәсілдерімен бөлісетін болады", — дейді Андреас Хедигер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу