Депутаттар "Көше саудасына 1000 орын" бағдарламасын тоқтатуды ұсынды

720

Депутаттар "Көше саудасына 1000 орын"  бағдарламасын тоқтатуды ұсынды

Депутаттар Астанада "Көше саудасына 1000 орын"  бағдарламасын тоқтатуды ұсынды. Бұл ұсыныстың басты себебі ретінде мәслихат депутаттары азық-түлік өнімдерін сақтаудың сапалы жағдайлары жасалмағанын алға тартты, деп хабарлайды elorda.info.

Қалалық мәслихатта өткен комиссия отырысында халық қалаулылары "Көше саудасына 1000 орын" бағдарламасын тоқтатуды ұсынды.

ЖІӨ саласында сауда секторы 18% құрап отыр, ол өндіріс секторынан әлдеқайда көп, соңғысы бүгінде 5% аспай отыр.

"Бүгінгі күні аталған бағдарлама бойынша 630 келісім жасалды, оның 231 жеміс-жидек, 205 фаст-фуд, 73 азық-түлік өнімі. Бағдарламаны жүзеге асырып бастағаннан бері бюджетке 1,1 млрд теңге түсіп, 1200-ден астам жұмыс орны құрылды", - деді  Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Әлішер Әбдіқадыров.

Сондай-ақ жабайы сауда мәселесін де көтерді. Тек 2017 жылы 240 заңсыз орнатылған павильондар бұзылды.

Алайда мәслихат депутаты Мирас Шекеновтың сөзінде, бағдарламаны тоқтатып, заңсыз сауда орындарын ашқан үшін жазаны күшейту керек. Сондай-ақ ол қаланың шеткі аудандарында кішігірім дүкендерді дамыту үшін франшиза мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Ал депутат Қайырлы Таукен сауда орындарында сатушылардың тазалықты сақтауға және өнімді дұрыс сақтауға қажетті сумен қамтамасыз етілуі қажеттігін алға тартты. Депутаттар бағдарламаны тоқтатудың тағы бір себебі ретінде сауда орындарында  азық-түлік өнімдерінің дұрыс сақталмайтынын айтты. Бұл сөзді Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Шағалтаева растады.

"Шағын сауда нысандары жоспарлы түрде тексерілмейді. Өйткені қоғамдық тамақтану нысандарындағы орын саны 50 адамға дейін ғана. Барлық жағдай тек кәсіпкерлерге жасалған. Алайда, өздеріңіз көріп отырғандай, тамақ өнімдерінің 25% қауіпсіздік талаптарына сай келмейді. Яғни, әрбір төртінші өнім микробиологиялық көрсеткіш бойынша стандартқа сай емес және тамақтан улануға әкеліп соғуы мүмкін", - деді ол.

Нәтижесінде қалалық мәслихаттардың қатысуымен жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.

Айта кетейік, қалада 2000-нан астам сауда нүктесі бар. Астанада 25 сауда базары жұмыс істеп тұр, оның 12 - жабық, ал қалған 13-і аралас. Басқарма басшысы қаладағы базарлардың басымы бөлігі оң жағалауда, оның ішінде Алаш тас жолында орналасқанын атап өтті. Сол себепті Есіл ауданында екі гипермаркет пен гастрономиялық базар салу туралы шешім қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу