banner

Димаш Құдайберген сегізінші кезеңде қытайша ән шырқады

842

Димаш Құдайберген сегізінші кезеңде қытайша ән шырқады

Қытайдың "I am singer" байқауында бақ сынап жатқан әншіміз Димаш Құдайберген сегізінші кезеңде қытайша ән айтты, деп хабарлайды inform.kz.

Бұған дейін Димаш қытайдың танымал әншісі және осы "Singer" байқауының үшінші маусымының жеңімпазы Хан Хунның "Таң атты" әнін шырқап, бесінші орынды иеленген болатын.

Айта кетейік, сегізінші кезең Димаш үшін қиындыққа толы болды. Қазақстанға сапары және демалыстың аздығы салдарынан әнші тұмауратып, тамағы қарлығып қалған.

Дегенмен сәтті өнер көрсетіп, төртінші айналымның қортындысында бесінші болып келесі кезеңге өтті.

Төртінші айналымның қорытындысы (жетінші және сегізінші кезең):

1. Ли Цзянь

2. Sandy

3. Линь Чжисюань

4. Lion тобы

5. Димаш Құдайберген

6. Чжан Цзе

7. Чжан Бэичен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу