banner

Доллардың орташа бағамы 4 теңге болған еді

1450

Доллардың орташа бағамы 4 теңге болған еді

Бүгін Ұлттық валюта – теңге күні.

Ұлттық банк теңге купюрасының алғашқы үлгілерін 1992 жылдың 27 тамызы күні бекіткен еді. Сол жылы теңге дизайнындағы портреттер бекітіліп, ұлттық валютамыз Ұлыбританияда басылып шықты. 1993 жылдың 12 қарашасы күні елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы" жарлыққа қол қойды. Ал 15-ші қарашасында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының төл валютасы айналымға енді.

Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада сағат 8.00-де басталып, 20-шы қарашада сағат 20.00-де бірақ аяқталды. Ұлттық банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. 1994 жылы қағаз тиындардың орнына жезден жасалынған 2,5,10, 20 және 50 номиналды монеталар шықты. Сөйтіп, Ұлттық валюта банкнот және монета түрінде айналысқа енгізілді. Қазір банкнот - Ұлттық банктің Алматы қаласындағы банкнот фабрикасында, ал монета – Өскемендегі Монета сарайында шығарылады.

Ал 2006 жылдың 15-ші қарашасында жаңа үлгідегі банкноттар айналысқа енгізілді. 24 жыл ішінде төл теңгеміз 3 рет девальвацияға ұшырады. Алғашында не бары 4 теңге 75 тиынға бағаланған АҚШ доллары бүгінде 335 теңгеге тең.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу