Дзюдошы Смағұлов чемпион атанды

873

Дзюдошы Смағұлов чемпион атанды

Тунисте өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Гран-при кезеңінде Жансай Смағұлов (73 кг) қарсылас шақ келтірмей, жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отандасымыз финалда косовалық Акил Кгожаковты ұтып, биылғы жылдың алғашқы Гран-при кезеңінде чемпион атанды. Жансай Смағұлов ширек финалда Франция елінің намысын қорғаған Акус Бенджаминді жеңсе, жартылай финалда ирандық Мохамед Мохамедиден айласын асырды. Финалда косовалық Акил Кгожаковты иппон әдісімен таза жеңді. 

Естеріңізге сала кетейік, жарыстың алғашқы күні қазақстандық дзюдошылар ел қоржынына екі қола медаль салған болатын. Оның бірін  66 келі салмақта ел намысын қорғаған Ерлан Серікжанов жеңіп алса, екіншісін 60 келі салмақта Ғұсман Қырғызбаев қанжығасына байлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу