eGov арқылы төлем мөлшері 41,5 миллиард теңгеден асты

909

eGov арқылы төлем мөлшері 41,5 миллиард теңгеден асты

eGov жүйесі іске қосылған сәттен бастап Қазақстанның электрондық үкімет төлем шлюзі арқылы төлемдер сомасы 41,5  млрд теңгеден асты, деп хабарлайды ortcom.kz.

Осы жылдың жылдың  9 айында www.egov.kz порталы арқылы қазақстандықтар 12,5 млрд-тан астам теңгеге операция жасаған. Өткен жылмен салыстырғанда төлемдер мен аударымдар 14,2  млрд теңгеден жоғары соманы құрады.

Сонымен қатар, биылғы жылдың 9 айында онлайн түрде жолда жүру ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұлдар жиірек төленетін болып шықты, олардың үлесіне төлемдердің 84%-ы   немесе 10,5  млрд теңгеден астам сома тиесілі. Келесі орында салықтар мен баж салығы бойынша төлем тұр, алымдар барлық төлемдердің 11%-ын(1,3 млрд теңгеден астам) құрады. Сондай-ақ азаматтар электрондық порталды Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі есеп-шотын толықтыру үшін белсенді түрде пайдаланады – ол барлық төлемдердің 4%-ын (555 млн теңгеден астам) құрайды. Ал коммуналдық төлемдер мен БКБ қарыздарын өтеу мен ұялы телефон байланысына төлемдер 0,3 %-ды (35 млн теңгеге жуық) құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу