Екібастұз әуежайы жөнделеді

780

Екібастұз әуежайы жөнделеді

Инвесторлар Екібастұз әуежайын жөндеуден өткізуге дайын, деп хабарлайды 24.kz.

Екібастұз әуежайы өткен ғасырдың 90-жылдары бой көтерген. Ол кезде бұл әуежай Алматы мен Мәскеудің әртипті ұшақтарын қабылдайтын. Ал 2000 жылы азаматтық авиация комитеті заң бұзушылыққа байланысты әуежай қызметін тоқтатқан. Уақыт өте келе мүлдем жабылып қалыпты.

"Бұл іске мықтап кірістік. Қазіргі уақытта болашақ инсвесторлармен, жергілікті кәсіпорындармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Қуантарлығы, әуежай жұмысын жандандыруға ниет еткен азаматтар баршылық. Бүгінде жоба бойынша тиісті жұмыстар қолға алынған", - дейді Екібастұз қаласының әкімі Қайрат Нукенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу