Экономикалық қылмыс саны 4 есе қысқарды

1348

Экономикалық қылмыс саны 4 есе қысқарды

Елімізде бір айда тіркелетін экономикалық қылмыстар саны 200-ден аспайды. Бұл туралы бизнесті қорғау бойынша ұйымдастырылған "Кәсіпкерлік саласындағы прокуратура қадағалауы" атты II форумда ҚР бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов мәлім етті. 
2016 жылдың шілде айында ұйымдастырылған алғашқы форумда өзара әрекеттестіктің жол картасы бекітілген болатын. Аталған құжат аясында 114 тармақтан тұратын іс-шаралар жоспары түзілген еді. Марат Ахметжанов аталған жол картасында көзделген шараларды атқарудың нәтижесінде экономикалық қылмыстарды тіркеу ережелерінің өзгергенін, тиісінше осы санаттағы қылмыстар санының төмендегенін жеткізді. Бұған дейін Қазақстанда бір айда экономикалық қылмыстар бойынша 800 іс тіркелсе, қазір тіркелетін қылмыстар саны 200-ден аспайды. 
"Бақылаушы-қадағалаушы мемлекеттік органдарды тексеру қорытындысы бойынша артық функциялар мен талаптар 58 пайызға азайды. Атап айтқанда, 30497-ден 12843-ке дейін қысқарды. Тексерулерді электронды тіркеу жолға қойылып, "Қамқор" мобильді бағдарламасы әзірленді. Тек қана санитарлық-эпидемиологиялық қызмет пен төтенше жағдайлар саласы бойынша талаптар 80 пайызға қысқарды. Яғни 14,8 мыңнан 2,5 мыңға дейін азайды", – деді Марат Ахметжанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу