ЭКСПО бойынша есеп беру жалғасып жатыр

951

ЭКСПО бойынша есеп беру жалғасып жатыр

2016 жылдың қыркүйек айынан бастап Астанада 36 жаңа қонақ үй пайда болды. Ол туралы Астана қаласын дамыту және инвестициялар бойынша басқарма басшысы Әлішер Әбдіқадыров мәлімдеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Туризм саласында 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды. Бизнес орта индустриясы ауқымды үлес қосты. Көп қонақ үйлер жоспарланған уақытында ашылды. Егер өткен жылы Астанада 165 қонақ үй жұмыс істесе, бүгінде 201 қонақ үй қызмет көрсетуде. ЭКСПО-ның үш айында қонақүйлердің толтырымдылығы үш есеге артты", - деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінде өткен баспасөз-конференция барысында Әбдіқадыров.

Ол хостелдердің саны 76-дан 95-ке дейін өскенін айтты. Бұдан бөлек, "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесін өткізу кезеңінде аймақ тұрғындары үшін елорда ЖОО-да 6,5 мың орынды 16 жатақхана қолжетімді бағамен дайындалды.

"Жатақханаларда жөндеу жұмыстары жүргізілді. Құрал-жабдықтар сатып алынды. Еуразия ұлттық университеті мен Қазақ агротехникалық университеті көрменің барлық кезеңінде толық болды",- дейді ол.

Көрме кезінде брондау бөлімі құрылып, ол арқылы аймақтық әкімдіктермен өзара қарым-қатынас орнатылды және арнайы бірыңғай брондау жүйесі арқылы аймақтық делегациялардың орналасуы қадағаланды. Әлішер Әбдіқадыровтың мәліметі бойынша, 2016 жылғы кезеңмен салыстырғанда, туроператорлардың қызметтеріне сұраныс 78%-ға артқан.

"Astana City Pass турист картасын 30 мыңға жуық адам қолданды. Көрме кезеңінде екі қабатты экскурсиялық автобустарды 5 мыңнан астам адам пайдаланды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есе көп. Көрме кезеңінде аудиогидтарды 13 елден (Австралия, Малайзия, Сингапур, Словакия, Ресей, Әзірбайжан, Түркия, Германия, Қытай, Испания, Польша, Франция, Сербия) 12 мың адам қолданды", - деп атап өтті.

Жалпы басқарма ақпараты бойынша еліміздің барлық туристік саласы үш ай ішінде барынша көмек көрсетіп, сапалы жұмыс істеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу