ЭКСПО көрмесінің мерзімі ұзартылмайды

835

ЭКСПО көрмесінің мерзімі ұзартылмайды

"Экспо" көрмесін өткізу уақыты ұзартылмайды. Бүгін "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі департамент директоры Сергей Куянов осындай шешімнің қабылданғанын жеткізді.

Еске салсақ, кеше Астана қаласының кәсіпкерлер қауымдастығы "Астана Экспо-2017" Ұлттық компания басқарма төрағасы Ахметжан Есімовке ашық хат жолдап, шара мерзімін 1 қарашаға дейін созуды сұраған. Бірақ ұйымдастырушылар мен Халықаралық көрме бюросы ақылдаса келе, өтінішті кері қайтаруды жөн деп тапқан. Оның себебін экономикалық тиімсіздікпен түсіндіріліп отыр. Әсіресе, шетелдік повильон иелері жұмыстарын мерзімінде аяқтауды қалайтынын білдірген.

Жоспар бойынша "Экспо" көрмесі 10 қыркүйекте жабылу тиіс. Ал бүгінге дейін көрмені тамашалауға 1 млн 700 мыңнан астам турист келіпті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу