Экспортталатын тауар бағасы 9,3 пайыз өсті

1074

Экспортталатын тауар бағасы  9,3 пайыз өсті

2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте экспорттық жеткізілім мен импорттық түсімдер бағасы өсті, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ статистика комитеті.

Биыл қыркүйекте өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда экспортталатын тауар бағасы – 9,3%, импортталатын тауар 5,2%-ға жоғарылады.

Жыл басынан бері экспорттық жеткізілімдер бағасы ферроқорытпаларға – 44,1%, мысқа – 20,4%, мырышқа – 17,3%, көмірге – 13%, мұнайға – 9,6%, қорғасынға – 9,2%, қара металдар илегіне 8,2%-ға жоғарылады, марганец кендеріне 25,3%-ға төмендеді. Мақта бағасы 7,1%-ға жоғарыласа, жүнге – 3,1%, бидайға 2,4%-ға төмендеуі тіркелді.
Импортталатын өнімдерден кофе – 19%, шай – 13,8%, сүт өнімдері – 11,9%, макарон өнімдері – 7,7%, маргарин – 4,9%, құс еті 4,8%-ға қымбаттады. Жеміс пен жаңғаққа 4,1%-ға арзандады. Пластмассалар бағасы – 13,7%, былғары – 9,9%, қағаз – 8,8%, сүрек 7,7%-ға жоғарылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу