Елбасы Словения, Түркия, Чехияның экс-президенттерімен кездесті

843

Елбасы Словения, Түркия, Чехияның экс-президенттерімен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Словения, Түркия, Чехия елдерінің бұрынғы президентімен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Астана клубының отырысы аяқталған соң Чехия Республикасының бұрынғы президенті Вацлав Клауспен және Түркия Республикасының бұрынғы президенті Абдолла Гүлмен кездесті. Кездесу барысында тараптар жаһандық экономикалық және саяси үдерістердің қарқынды дамуына қатысты пікір алмасып, Қазақстанның қазіргі экономикалық жағдайына тоқталды.
Қазақстан президенті нарықтық экономиканы дамыту мәселесі бойынша тәжірибе алмасудың маңызды екенін айтып, қонақтарға Астана клубының отырысына қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.

Мемлекет басшысы Словения Республикасының бұрынғы президенті Данило Тюркпен кездесті. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Данило Тюркке Астана клубының отырысына қатысқаны үшін ризашылық білдірді.
Данило Тюрк Қазақстан президентіне елімізге тағы бір мәрте келуге мүмкіндік туғызғаны үшін алғыс айтып, оның Астанаға жасаған өткен сапарлары барысындағы өзара іс-қимыл нәтижелері жемісті болғанын атап өтті.
Словения Республикасының бұрынғы президенті Астана процесі аясында өтіп жатқан Сирия жөніндегі бейбіт келіссөздердің маңыздылығын айтып, Қазақстанның халықаралық ұйымдардың, соның ішінде БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің жұмысына белсенді атсалысқанына назар аударды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу