Қазақстанда үш айда 3 мыңнан аса компания жабылған

766

Қазақстанда үш айда 3 мыңнан аса компания жабылған

2018 жылдың І тоқсанында Қазақстанда 3,6 мың компания жабылды, деп хабарлайды LS.
 
2017 жылдың І тоқсанындағы көрсеткішпен салыстырғанда (1,4 мың компания), жұмысын тоқтатқан заңды тұлғалар саны 2,5 есе өскен.
Осы кезеңде сауда саласында - 1,4 мың компания, 291 - құрылыс және 269 ғылыми қызметпен айналысатын компания жабылған.
Сонымен қатар, 252 - өндірістік кәсіпорынның, 216 - ауылшаруашылық кәсіпорнының және түрлі қызмет көрсететін 202 компанияның жұмысы тоқтаған. Сондай-ақ, 128 - білім мекемесі, қаржы секторында - 188, 119 - көлік компаниясы және жылжымайтын мүлікпен айналысатын 92 агенттік жойылыпты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу