Еліміздегі медициналық ЖОО-лардың рейтингі жасалды

1284

Еліміздегі медициналық ЖОО-лардың рейтингі жасалды

ҚР ДСМ денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы 2017 жылға арналған ғылыми және инновациялық қызмет көрсеткіштер бойынша медициналық ЖОО, ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми және ұлттық орталықтар рейтингінің қортындысын шығарды, деп хабарлайды elorda.info.

"Ғылыми ұйымдар мен университеттерді бағалау кезінде мынадай негізгі көрсеткіштер ескерілді: ғылыми зерттеулердің көлемі, ғылыми басылымдардың саны, дәйексөздердің жиілігі, патенттер мен ғылыми әзірлемелерді тіркеу, ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру, халықаралық конференцияларға қатысу", - деп айтылды орталықтан.

Талдау нәтижелері бойынша Қазақстандағы медициналық мекемелердің рейтингісінде 1 орында - Қарағанды ​​мемлекеттік медицина университеті, 2 орында - Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы, 3 орында Қазақ медицина университеті орналасты.

Ғылыми-зерттеу институтында / клиникалық профильде ең жақсы көрсеткіштерінің рейтингі бойынша 1 орында - Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты, 2 орында – Сызғанов атындығы ұлттық хирургия ғылыми орталығы, 3 орында Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты болды.

Медициналық институттардың және ғылыми ұйымдардың жыл сайынғы ұлттық рейтингін жариялау қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы қазақстандық ғылыми ұйымдардың қызметінің ашықтығын және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу