Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі

810

Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі

Синоптиктер 12 наурыз күні республиканың  оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық аудандарында күн жауын-шашынды болады. Жекелеген аумақтарда тұман, көктайғақ болып, шаңды дауылмен жел көтеріледі деп болжайды.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейіп, түнде тұман түседі.

Атырау облысының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с дейін артады. Маңғыстау облысының жекелеген аумақтарында жел 15-20 м/с дейін күшейіп, шаңды дауыл көтеріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу