Еліміздің сәңгерлері Roma Fashion Week сән апталығына қатысады

964

Еліміздің сәңгерлері Roma Fashion Week сән апталығына қатысады

Елордада Roma Fashion Week сән апталығына Қазақстан атынан қатысатын үздік киім және аксессуарлар дизайнерін, сәнгерлерді, визажистерді, стилистерді, фотографтар/видеографтарды ірктеуге арналған алғашқы ортаазиялық тур өтті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Roma Fashion Week өңірлік іріктеу турлары жыл сайын Жапония, Германия, Балтық жағалауында, Ресейді қоса алғанда 20-дан астам елде өтеді.

"Қазақстанда ол алғаш рет ресми түрде өтуде. Дегенмен, бұған дейінгі жылдарда біз итальяндық сән апталығына қонақ ретінде қатысқан болатынбыз. Өткен жылы итальяндық тарап бізге Орта Азиядағы іріктеу турын ұйымдастыруды ұсынды. Конкурсқа қатысушылардан шамамен 100 өтініш келіп түсті. Астанаға Қазақстанның барлық өңірлерінен, Қырғызстан мен Армениядан қатысушылар келді.

Онлайн өтінім Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстаннан да келді. Нәтижесінде финалға 25 адам өтті. Басты мақсат - барша әлемге Қазақстанда да бьюти-сала мен сән бизнесінде талантты адамдардың аз еместігін паш ету. Олардың барлығы бірдей кәсіби шеберлер емес. Дегенмен, олар болашағынан зор үміт күттіреді", - деді Roma Fashion Week-тің Орталық Азиядағы ресми өкілі, Asian Look Fashion Days бас директоры, танымал қазақстандық дизайнер Қанат Сауранбаев.

Астанада өткен өңірлік іріктеу турының ақтық сынына жеткен дизайнерлер 3-7 сәуір аралығында Италия астанасы Римде өтетін конкурстың халықаралық финалына қатысу мүмкіншілігін алды. Ағымдағы жылы оған алты құрлықтың 24 елінен дизайнерлер қатысады.

Рим кезеңінде жеңіске жеткендер Италияның танымал Cordella сән мектебінде, Romeur Academy сұлулық академиясында, итальяндық сән үйлерінде тегін білім алып, тағлымдамадан өтеді. Сәнгерлер сонымен бірге итальяндық сән агенттіктерімен 1 жылға келісімшартқа отырып, итальяндық іріктеу турының демеушісінің Mercedes Benz көлігіне ие болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу