Еліміздің төрт облысы мен Алматыда су басу қаупі бар

731

Еліміздің төрт облысы мен Алматыда су басу қаупі бар

Қар еруіне байланысты Қазақстанның бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК. 

Синоптиктердің мәліметінше, 10-12 наурызда ауа температурасының күндіз жылынуына байланысты және Шығыс Қазақстанның аласа таулы аймақтарында жауын-шашын түсуіне орай ағын су пайда болуы мүмкін.

"11-12 наурызда Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары және Алматы қаласының аласа таулы аймақтарындағы өзендерде жаңбыр жаууына байланысты су басу қаупі туындап, таудан және жергілікті өңірде ағын су жинақталуы мүмкін", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 10-11 наурызда Жамбыл облысында оңтүстік-батыс, батыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде 15-20, ұйытқуы 23-28 м/с, 10 наурызда күндіз, 11 наурызда күні бойы облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан асады. Дауыл ықтималдығы 90%.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу