Елордада бүгін қар жинауға 1,3 мыңнан аса техника шықты

1067

Елордада бүгін қар жинауға 1,3 мыңнан аса техника шықты

Астанада соңғы күндері қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуге көшті. Кеше тәулік ішінде қаладан 34 мың текше метрден астам қар шығарылды. Бұл туралы Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне "Астана Тазалық" ЖШС хабарлады.

"Тәулік ішінде Астанада 34 227 текше метр қар шығарылды. Соның ішінде, "Астана Тазалық" ЖШС 11 787 текше метр, "Астана-көгалдандыру құрылысы" АҚ 2 159 текше метр және мердігер ұйымдармен 20 281 текше метр қар шығарылды", - делінген хабарламада.

Жолдарды тазалау және қар шығару жұмыстарына 1345 техника тартылды, соның ішінде Алматы ауданында - 557, Сарыарқа ауданында - 343, Есіл ауданында - 445 техника жұмысқа кірісті. Атап айтқанда, сыпыру-жинау машиналары, тротуар жинайтын машиналар, шнекороторлық техника, құмтөсегіштер, автогрейдерлер, қар тиегіштер, фронталдық тиегіштер және самосвалдар қар тазалауға кірісті.

Бұдан басқа, қарды қолмен жинауға 1888 жол қызметкері: Алматы ауданы бойынша - 845, Сарыарқа ауданы бойынша - 560 және Есіл ауданында 483 жұмыскер тартылды.

Айта кетейік, жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері қар шығару жұмыстары тәулік бойы жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу