Елордада Сингапур мектебі салынады

1058

Елордада Сингапур мектебі салынады

Астанада "Рухани жаңғыру" бағдарламасы шеңберінде 1500 оқушыға арналған Сингапур мектебі салынады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

"Бізге тиісті инвесторлар өтінім келіп түсті. Мектеп 1500 оқушыға арналып салынбақ. Ол мектеп - Сингапур моделі бойынша салынып, үш бөліктен тұрады: бастауыш мектеп, орта мектеп және бітіруші сыныптарға арналады. Балалар мектеп аумағындағы кампуста тұрады деп жоспарналуда", - деді "Астана" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

Оның айтуынша мектеп техниканың соңғы үлгілерімен жабдықталады. Сондай-ақ оқушыларды  шетелдік ұстаздар оқытатын болады. Әзірге Сингапур мектебі жобасының құны мен инвесторы туралы ақпарат айтылмай отыр.  

"Аталған жоба ӘӘК стратегиясына жақсы келеді деп ойлаймыз: бір жағынан әлеуметтік, ал екінші жағынан білім беру саласына үздік халықаралық тәжірибені тарту болып табылады. Қаладағы білім беру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл жобаны біз "Рухани жаңғыру" бағдарламасы шеңберінде іске асыратын боламыз", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу