Елорданың мемлекеттік бюджеті 103,4 пайызға орындалды

743

Елорданың мемлекеттік бюджеті 103,4 пайызға орындалды

2018 жылдың 1 тоқсанында елорданың мемлекеттік бюджеті 103,4 пайызға орындалды, деп хабарлайды elorda.info Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Елорданың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің оң динамикасы және салықтық әкімшілендірудің  жаңа тәсілдері мемлекеттік бюджеттің өсу қарқынын қамтамасыз етуде Астананың үздіктер қатарынан көрінуіне алып келеді.

"2018 жылдың І-тоқсанының қорытындысы бойынша болжам 7,4 млрд теңгеден (103,4%) аса орындалды немесе 227,2 млрд теңге түсті. Оның ішінде республикалық бюджетке 175,6 млрд теңге түсті (100,7%), жергілікті бюджетке 51,6 млрд теңге түсімі қамтамасыз етілді немесе болжам 6,2 млрд теңгеден (113,8%) аса орындалды", - деп атап көрсетілген хабарламада.

Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер елорданың экономикалық өсуі үшін мемлекеттік кірістердің түсімін арттыруға және Астана қаласының көлеңкелі экономикаға қарсы тұруға тиімді, әрі кешенді жасалынған шаралардың нәтижесі болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу