ERG "Туған жер – туған қалалар" бағдарламасын қолға алды

922

ERG "Туған жер – туған қалалар" бағдарламасын қолға алды

Биыл жылдан бастап Еуразиялық топтың активтері орналасқан өңірлердің кешенді дамуын қамтамасыз етуге талпынады. ERG әкімдіктермен бірлесіп, "Туған жер – Туған қалалар" бағдарламасын жүзеге асыра бастады.  Бұл туралы топтың баспасөз қызметі хабарлады.

Бағдарлама Еуразиялық топ өткізген кешенді әлеуметтік зерттеулер негізінде әзірленген. Өңірлердегі нақты қажеттіліктерді анықтау қорытындысы  бойынша қаражат ендігі жерде тек жергілікті тұрғындарға қажетті жобаларға бағытталады. Бағдарлама мақсаттарының бірі – жас мамандарды туған қалаларында өмір сүруге және жұмыс істеуге ынталандыру.   

Меморандум өңірлерді дамытуға бағытталған тек ERG бастамаларымен шектелмей, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, Қарағанды облысы әкімдігінің әлеуметтік маңызды жобаларын да қамтиды. Бұл ERG қызметкерлері үшін ерекше маңызды бар жобалар. Атап айтсақ, "Қызылжар-Шұбаркөл-Баршын-Қорғалжын-Астана" автожолдарын жөндеу, Шұбаркөл  және  Баршын кенттерінің инфрақұрылымын дамыту және көркейту, Абай қаласында 320 көрермендер орнына арналған жабық бассейн құрылысы, Қарағанды қаласында 250 орындық көру қабілеті нашарлаған балаларға арналған мектеп-интернаттың құрылысын аяқтау және т.б.  

13 жыл бойы Еуразиялық топ (ERG) жыл сайын топ кәсіпорындары орналасқан Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында маңызды әлеуметтік-экономикалық жобаларды жүзеге асыру жөнінде меморандумдар жасасып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу