Facebook компаниясының акциялары 3,9%-ға арзандады

655

Facebook компаниясының акциялары 3,9%-ға арзандады

Осының салдарынан Марк Цукерберг 2,9 млрд долларынан айырылды, деп хабарлайды Baq.kz.

Жұма күні Марк Цукерберг жаңалықтар лентасының өзгеретінін жариялаған еді. Осыдан кейін Facebook компаниясының акциялары 3,9%-ға арзандады. Bloomberg Billionaires Index мәліметінше, аталған өзгерістен кейін Цукербергтің дәулеті 77,3 млрд доллардан 74,4 млрд долларға дейін кеміген.

Өзгеріске сәйкес, бұдан былай Facebook лентасында компания хабарламалары азайып, туысқандар мен достардың жаңалықтары көбірек көрсетілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу