Facebook пен Amazon желілерінің нарықтағы капиталы 500 миллиард доллардан асты

793

Facebook пен Amazon желілерінің нарықтағы капиталы 500 миллиард доллардан асты

Америкалық интернет алыптар – Facebook пен Amazon компаниялары нарықтағы капиталы алғаш рет 500 млрд доллардан асқан компаниялар тізіміне кірді, деп хабарлайды ТАСС.

NASDAQ электронды биржасының дерегінше, Марк Цукерберг басқаруындағы Facebook капиталы ағымдағы жылы ұдайы өсіп отырған және осы бейсенбіде өз шырқау шыңына жеткен. Ал Джеффа Безостың Amazon компаниясы бір күн бұрын шарықтау шыңына жетті.

Amazon акцияларының курсы шарықтау шегіне жетісімен айтарлықтай төмендеді және де $1047,22 деңгейіне тұрақтады. Сондай-ақ, сауда сессиясында ол көрсеткіш 0,53%-ға төмендеп, компанияның нарықтағы капиталы $503,21 млрд құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу