Францияда ойын кезінде голды автоматты анықтау жүйесі тоқтатылды

799

Францияда ойын кезінде голды автоматты анықтау жүйесі тоқтатылды

Франция футболда гол соғылғанын автоматты анықтау жүйесінен (Goal-line technology) бас тартты. Бұл технологияны франциялықтар осы маусымда ғана ензіген еді, деп хабарлайды prosports.kz.

Даулы мәселелер көбейіп кеткендіктен одан бас тартуларына тура келіпті. Мәселен ПСЖ мен "Амьен" арасындағы кездесуде гол соғылған жағдайда бұл құрылғы еш белгі бермеген. Ал "Анже" - "Монпелье" кездесуінде керісінше гол соғылмаса да қайта-қайта белгі беріп, төрешіге кедергі жасаған.

Осы себептерден Франция футбол федерациясы бұдан кейінгі ойындарда бұл жүйені пайдалануды тоқтата тұратынын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу