Футбол федерациясының президенті қызметінен кетуге арыз берді

753

Футбол федерациясының президенті қызметінен кетуге арыз берді

Бүгін Астанада Қазақстан футбол федерациясының атқарушы комитетінің мүшелері бас қосты, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.
ҚФФ атқарушы комитетінің отырысында ұйымның бірінші вице-президенті және бас хатшысы Әубәкіров Қаныш Қайдарұлының өкілеттігі отбасылық жағдайына байланысты жазған мәлімдемесі бойынша тоқтату туралы шешім қабылданды.
Вице-президент және бас хатшы қызметіне Айтқожин Азамат Серікұлы тағайындалды. Ол вице-президент қызметінен босатылды. Вице-президент қызметіне Абраев Олжас Шәкенұлы тағайындалды.
Сонымен қатар, атқарушы комитет отырысында ҚФФ президенті Байшақов Сейілда Икрамұлының өз еркімен қызметінен кету жөніндегі мәлімдемесі қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу