banner

Геннадий Головкин WBC нұсқасы бойынша жылдың үздік боксшысы атанды

691

Геннадий Головкин WBC нұсқасы бойынша жылдың үздік боксшысы атанды

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді 2017 жылдың үздік боксшысы деп таңдап, ал оның мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы кездесуін жылдың үздік жекпе-жегі атанды, деп жазады Vesti.kz порталы. 
Жылдың үздік боксшысы атағына Головкиннен бөлек, тағы бес боксшысы - таиландтық Висаксил Вангек (Срисакет Сор Рунгвисаи деген атпен танымал) америкалық боксшылар Майки Гарсия, Теренс Кроуфорд, Джермелл Чарло және Деонтей Уайлдер үміткер болған еді. 
Ал жылдың үздік жекпе-жегіне Головкин - Альварес кездесуінен бөлек Франсиско Варгас - Мигель Берчельт (екеуі де - Мексика), Баду Джек (Швеция) - Джеймс ДиГейл (Ұлыбритания) және Лео Санта Круз (Мексика) - Карл Фрэмптон (Ұлыбритания) арасындағы екінші кездесу үміткер болды.
Жеңімпаз WBC кеңесінің ресми сайтында жанкүйерлердің дауыс беруі арқылы анықталды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу